Аймақ активіне жаңа ректор ресми түрде таныстырылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 ақпан 2026
  • 86

Аймақ активіне жаңа ректор ресми түрде таныстырылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры лауазымына тағайындалған Наурызбай Байқадамов таныстырылды.
Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, басқармалар мен аумақтық департамент басшылары, онлайн байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен барлық ауданның активтері, Қорқыт ата университетінің ғылыми кеңес мүшелері мен профессор-оқытушылары қатысты.
Үкімет басшысы облыс әкімдеріне өңірлік ғылыми-технологиялық кеңестерге жеке басшылық жасап, олардың жұмысын ұйымдастыруды тапсырған. Сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, өңірлік мамандану және форсайттық зерттеулер нәтижесінде ғылыми-техникалық тапсырмаларды бекіту қажеттігі айтылды.

DSC_6667.jpg

DSC_6994.jpg

Облыс әкімі бұл міндеттерді үйлестіруде университеттің әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, оқу орнының белсенді атсалысуы маңызды екенін жеткізді.
«Университет ғалымдары мен түлектері аймағымыздағы ғылыми-инновациялық дамуды басқаруда айрықша рөл атқаруы қажет. Әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырамын», – деді аймақ басшысы.
Басқосуда қатысушылар жаңа ректорға сәттілік тілеп, университеттің ғылыми-білім беру әлеуетін арттыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына үлес қосу бағытындағы міндеттерге тоқталды.
Наурызбай Сейтқалиұлы 1991 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және француз тілі» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастап, 1994 жылы өзі білім алған оқу орнына оқытушы ретінде оралды. Университет қабырғасында түрлі басшылық қызметтерді атқарып, 2008–2013 жылдары тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор болды. Жоғары оқу орнында 20 жылға жуық еңбек етіп, университеттің көпсалалы аймақтық білім ордасы ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосты.

DSC_6889.jpg

DSC_6702.jpg

Наурызбай Байқадамов – тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғамтанушы, 150-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің, бірнеше кітаптың авторы.
2013 жылдан бастап мемлекеттік қызметте облыстық білім басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, кейін Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы ретінде қоғамдық-саяси салада нәтижелі еңбек етті.
2024 жылғы сәуірден 2026 жылғы 11 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болды. Заң шығару қызметінде өңірдің өзекті мәселелерін көтеріп, республикалық бюджеттен қажетті қаржы бөлінуіне ықпал етті.
Университет ұжымы жаңа Басқарма төрағасы – Ректорға үлкен сенім артып, білім мен ғылымды дамыту жолындағы бастамаларына қолдау білдіреді. Алдағы уақытта оқу орнының стратегиялық дамуы, ғылыми әлеуетті арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыстар жаңа серпін алады деп күтілуде.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...