АКАДЕМИК Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ 2026
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 ақпан 2026
  • 42

АКАДЕМИК Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ 2026


Shakhmardan
Yessenov Foundation 20 студентке ай сайын 70 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындау үшін байқау жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, медициналық жоо үшін бакалавриаттың 2-5 курсы, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Шәкіртақы саны: 20

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:

1.     Қордың ресми сайтында – yessenovfoundation.org онлайн өтінімді толтыруы керек.

2.     Өтінімге келесі құжаттарды қоса тіркеуі қажет:

Міндетті құжаттар:

·         Жеке куәлік көшірмесі;

·        «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе. (Microsoft Word форматында);

·        Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес). *балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды;

·        Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

Қосымша құжаттар:

·        Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;

·        Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;

·        Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.

·        Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

 

Өтінімдер 2026 жылдың 2 ақпанынан бастап 3 наурызға дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 3 наурызында сағат 15:00-де (GMT+5) аяқталады. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.

Ереже

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...