Университет жастары халықаралық білім кеңістігінде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 ақпан 2026
  • 88

Университет жастары халықаралық білім кеңістігінде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Білім алушыларымыз Грузия, Польша және Корея елдеріне бір семестрлік оқу кезеңіне аттанып, халықаралық тәжірибе жинамақ.
Осыған орай университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева студенттермен арнайы кездесу өткізді. Жиында бағдарлама талаптары, оқу процесінің ерекшеліктері, құжаттандыру және бейімделу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Проректор студенттерге үлкен сенім артылып отырғанын атап өтті.
«Сіздер тек Қорқыт ата университетінің ғана емес, Қазақстанның атынан барасыздар. Сондықтан өз мәдениетімізді, тәрбиемізді, білім деңгейімізді жоғары дәрежеде көрсетіңіздер», – деді Майнура Бурибаева.

WhatsApp Image 2026-02-18 at 12.44.15.jpeg

Кездесу барысында шетелде білім алу тек академиялық жетістікке ғана емес, жеке тұлғалық дамуға да ықпал ететіні айтылды. Сонымен қатар, білім алушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, жергілікті заңнаманы құрметтеу және оқу орнының ішкі тәртібін қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, халықаралық серіктестікті нығайтатын маңызды бастама. Бұл тәжірибе олардың болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына берік негіз қалайды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...