RoboCup Rescue Robot Dogs жарысының қорытындысы!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 ақпан 2026
  • 165

RoboCup Rescue Robot Dogs жарысының қорытындысы!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің LUPIC командасы USTEM Foundation қоры ұйымдастырған RoboCup Rescue Robot Dogs республикалық турнирінде 1-орынды иеленді.
USTEM Foundation қоры ұйымдастырған бұл офлайн турнирге еліміздің жоғары оқу орындарынан жеті команда қатысып, Unitree GO2 деңгейіндегі робот-иттерін төзімділікке, жылдамдыққа және ең бастысы – автономдылыққа сынады.
Жарыс барысында төрт аяқты роботтар K-Rails, Ramps және Pallets аймақтарындағы күрделі кедергілерден өтіп, қозғалыс кезінде QR-кодтарды танып отырды. Ең жоғары ұпайлар роботтың толықтай өздігінен, яғни оператордың көмегінсіз әрекет еткен жағдайларда берілді. Ал телебасқару режимінде тек бір жұбату ұпайы есептелді.

Жарыс қорытындысы бойынша:
•  1 орын – LUPIC командасы (Qorqyt ata)
•  2 орын – RoboLab командасы (SDU)
•  3 орын –  ALT командасы (ALT)
 
RoboCup Rescue — құтқарушы робототехника бағытындағы маңызды тәжірибе алаңы. Мұнда кедергілерді айналып өту, машиналық көру және нақты уақыттағы навигация сияқты технологиялар сыналды. Мұндай тәжірибелер болашақта табиғи апат аймақтарында адамның өміріне қауіп төндіретін жағдайда жұмыс істейтін автономды көмекші роботтарды әзірлеуге жол ашады.
Қорқыт ата университетінің командасы робототехника саласында жоғары деңгейдегі білім мен тәжірибесін көрсетті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...