Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті шаруашылықпен қамтамасыз ету басқармасының механигі бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қыркүйек 2022
  • 1658

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті шаруашылықпен қамтамасыз ету басқармасының механигі бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

 Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Шаруашылықпен қамтамасыз ету басқармасының механигі білуге міндетті: автокөлік ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді; автокөлік құралдарының құрылғыларын, арналуын, конструкциялық ерекшеліктерін, эксплуатациялық мәліметтерін және техникалық эксплуатация тәртібін; жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясы мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды; автомобиль көлігі жұмысшыларына еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру түрлері бойынша қолданыстағы ережелерді; есепке алу және бекітілген есептілікті жасау тәртібін; есептеу техникасын пайдалану тәртібін; жол қозғалысы тәртібін; экономика, өндірісті, еңбек пен бақсаруды ұйымдастыру негіздерін;  еңбек заңнамалығын, ішкі еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоо кейінгі) білімі және мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе техникалық орта және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта)  білімі және мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 15.09.2022ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару басқармасы, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...