Қорқыт ата университетінде «Елшілер кафесі» форматында кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 ақпан 2026
  • 88

Қорқыт ата университетінде «Елшілер кафесі» форматында кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстандағы 17 елшісімен «Елшілер кафесі» форматында кездесу өтті. Сыр өңірінің басты білім ордасы мен ЕуроОдаққа мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев қатысты. 

IMGL5453.jpg

IMGL5460.jpg

IMGL5476.jpg

Кездесуді Басқарма төрағасы–Ректор Наурызбай Байқадамов ашып, қонақтарға оқу орнының тарихы мен халықаралық байланыстары туралы баяндады. Наурызбай Сейтқалиұлы университеттің әлемнің 100-ден астам жоғары оқу орны және ғылыми орталықтарымен серіктестік орнатқанын және «500 ғалым», «Болашақ» бағдарламалары аясында жас ғалымдардың тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысатынын жеткізді. 

IMGL5586.jpg

IMGL5895.jpg

IMGL5951.jpg

Кездесу барысында студенттер кәрі құрлықтан келген дипломаттармен еркін форматта әңгімелесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Әсіресе, шетелде білім алу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу бағдарламалары және шәкіртақы жөніндегі сауалдарға елшілер жан-жақты жауап берді.

IMGL5960.jpg

IMGL5963.jpg

IMGL5970.jpg

IMGL5800.jpg

«Елшілер кафесі» форматы студенттерге халықаралық қоғаммен тікелей байланыс орнатуға, мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...