Ректор Экономика және құқық институты ұжымымен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 ақпан 2026
  • 47

Ректор Экономика және құқық институты ұжымымен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов Экономика және құқық институты оқытушыларымен кездесті. Жиын барысында институттың оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарының негізгі көрсеткіштері мен алдағы даму бағыттары талқыланды.

Кездесуде Экономика және құқық институтының директоры Айнұр Исаева институттың контингенті, білім беру бағдарламаларының саны, профессор-оқытушылар құрамының сапалық көрсеткіштері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы кеңінен баяндады.

Қазіргі таңда институт бойынша жалпы білім алушылар саны 1343-ті құрайды. Оның ішінде бакалавриатта – 1148, магистратурада – 31, докторантурада – 15 білім алушы бар. Сонымен қатар ақылы бөлімде 149 студент білім алуда. Институтта шетелдік білім алушылар да бар.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 20.30.27.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-20 at 20.30.26 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-20 at 20.30.26 (2).jpeg

Білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриатта – 9, магистратурада – 10, PhD докторантурада – 3 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.  
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылған. 2025–2026 оқу жылында сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бойынша студенттер алмасу жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, жиын барысында жұмысқа орналасу мәселесі кеңінен қозғалды. Жастар практикасын ұйымдастыру, студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беру, жұмыс берушілермен байланысты нығайту бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 20.30.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-20 at 20.32.10.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-20 at 20.30.26.jpeg

Оқытушылар тарапынан криминалистика зертханасын бас оқу ғимаратына көшіру жөнінде ұсыныс білдірілді. Бұл бастама білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға және практикалық сабақтардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында магистратура және докторантура деңгейіндегі диссертациялық жұмыстарды қорғау мәселесі де талқыланып, ғылыми зерттеулер сапасын арттыру, ғылыми жетекшілік жұмыстарын жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысында институттың алдағы міндеттері айқындалып, білім сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті күшейту, академиялық ұтқырлықты дамыту және түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін көтеру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатыны жеткізілді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...