Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті археология және этнография ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкерінің 2 штаттық бірлігіне бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 ақпан 2026
  • 52

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті археология және этнография ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкерінің 2 штаттық бірлігіне бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды


Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

 5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 6) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 7 слайдтан артық емес) және ПОҚ үшін электрондық тасымалдағышта сақталған үміткермен өткізілген онлайн сабақ;

7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

8) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

 Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

 Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Кіші ғылыми қызметкер білуге міндетті: Өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндетері; осы зерттеулер және әзірлемелер туралы отандық және шетелдік ақпараттар; зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты қорыту мен өңдеудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып, заманауи әдістері мен құралдары; ғылым туралы заңнама негіздері; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемiнде 3 жыл, ғылыми дәрежесі болған, докторантураны тамамдаған және тағылымдамадан өткен жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, жоғары оқу орындарының кеңестерiнен (факультеттер) ұсыныс болған айрықша жағдайда кiшi ғылыми қызметкердiң қызметiне жоғары оқу орнында оқу мерзiмі уақытында жұмыс iстеу тәжiрибесін алған бiтiрушiлер (магистратура) тағайындала алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 04.03.2026ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 каб.; e-mail: ksu@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...