Басқарма төрағасы-Ректор Жаратылыстану институтының ұжымымен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 ақпан 2026
  • 59

Басқарма төрағасы-Ректор Жаратылыстану институтының ұжымымен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Жаратылыстану институтының ұжымымен кездесу өткізді. 
Кездесу барысында институттың стратегиялық даму бағыттары, оқу үрдісін жетілдіру және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Жиында Жаратылыстану институтының директоры Гүлжас Тоқтағанова институт жұмысы, қазіргі жетістіктері, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен маңызды міндеттер туралы баяндама жасады. Директордың айтуынша, институт білім беру саласында жоғары стандарттарды сақтай отырып, студенттерді заманауи талаптарға сай даярлауға күш жұмсап келеді.

WhatsApp Image 2026-02-26 at 18.19.22.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-26 at 18.19.24.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-26 at 18.19.23.jpeg

Жаратылыстану институтында қазіргі таңда бакалавриат бойынша – 16, магистратура бойынша – 8, докторантура бойынша – 5 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Институттың жалпы білім алушылар контингенті бакалавр деңгейінде – 2412, магистратурада – 225, докторантурада – 32 студентті құрайды. Сонымен қатар, шетелдік студенттердің саны – 128, бұл халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім сапасын жаһандық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында қос диплом бағдарламаларын іске асыру бағыттары да қарастырылып, студенттерге екі елдің жоғары оқу орындарында қатар оқуға мүмкіндік беретін жобаларды дамыту мәселелері талқыланды. Мұндай бағдарламалар студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға, зерттеу дағдыларын кеңейтуге және халықаралық тәжірибе жинауға зор үлес қосатыны атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-02-26 at 18.19.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-26 at 18.19.22 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-26 at 18.19.24 (1).jpeg

Ректор Наурызбай Байқадамов институт ұжымына өз сөзінде университеттің жалпы даму стратегиясына сай білім беру сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді күшейту және студенттердің халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету міндеттерін атап өтті. Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту арқылы студенттердің шетелдік тәжірибе алуына ерекше мән берілетіні айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар оқу процесін жетілдіру, ғылыми жобаларды іске асыру және студенттердің әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...