Қорқыт ата университетінің студенттері республикалық «AI Хакатон 2026»-да жүлделі орындарға ие болды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 ақпан 2026
  • 45

Қорқыт ата университетінің студенттері республикалық «AI Хакатон 2026»-да жүлделі орындарға ие болды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының студенттері Түркістан қаласында өткен «AI Хакатон 2026» республикалық байқауында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

WhatsApp Image 2026-02-27 at 18.11.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 18.11.51 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 18.11.53.jpeg

Іс-шараны Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. Хакатон «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі қаржылық қауіпсіздік» тақырыбына арналды. 
Қорқыт ата университеті атынан «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша 2 команда және Жасанды интеллект институты атынан 4 команда қатысып, өз жобаларын таныстырды.

WhatsApp Image 2026-02-27 at 18.11.52.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 18.11.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 18.11.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 18.11.51 (1).jpeg

Нәтижесінде университет студенттері жүлделі орындарға ие болды: «Zodtech» командасының құрамында өнер көрсеткен Нұрбек Әбілдаев пен Нұрбол Оналбеков II орынды иеленіп, 700 000 теңге көлемінде сыйақы алды, ал «Lunar» командасының мүшелері Нұрдәулет Нуғуман мен Бекболат Бөлебай ынталандыру сыйлығын жеңіп алып, 200 000 теңгеге ие болды.
Бұл жетістік – студенттердің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетінің, сондай-ақ командалық ынтымақтастықтың жарқын көрінісі. 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жасанды интеллект және инновациялық технологиялар саласындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...