Анаға тағзым, аруға құрмет
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 наурыз 2026
  • 77

Анаға тағзым, аруға құрмет

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анаға тағзым, аруға құрмет» атты салтанатты жиын өтті. Айырықша жылулық пен құрметке толы жиынға Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов қатысып, әйел-аналардың қоғамдағы және білім мен ғылым саласындағы ерекше орнына тоқталды. Наурызбай Сейтқалиұлы өз сөзінде университет дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген нәзік жандылардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және адал еңбегіне ризашылығын білдірді.

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.21.52 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.21.52.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.21.57 (1).jpeg

«Бүгінде оқу ордасында қызмет ететін 1047 маманның 726-сы – әйелдер, яғни ұжымның 70 пайызын құрайды. Университетте білім алып жатқан 11 мыңнан астам студенттің 7533-і – қыз балалар (65%). Бұл – білім мен ғылым саласында әйелдердің белсенділігі мен көшбасшылық әлеуетінің айқын көрінісі. Ғылыми жобалар көрсеткіші де осы үрдісті нақтылай түседі. 2025 жылы жүзеге асқан 38 жобада еңбек еткен 201 ғалымның 98-і әйелдер болса, 2026 жылы орындалып жатқан 23 жобаның 107 орындаушысының 60-ы – әйел қызметкерлер. Бұл деректер нәзік жандылардың ғылымдағы табандылығы мен кәсіби біліктілігін дәлелдейді»,- деді Ректор.  

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.22.00.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.22.01.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.21.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.22.02 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.22.02 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.22.02 (1).jpeg

Мерекелік кеш барысында оқу орнының стратегиялық ілгерілеуіне үлес қосып жүрген әріптестер марапат төрінен көрінді. Кеш соңы Педагогика және дәстүрлі өнер институтының әсерлі концертімен түйінделіп, әйелдер қауымына ықылас гүлдері табысталды. Анаға құрмет, әйелге ізет көрсетілген тағылымды кеш барша қатысушыларға шаттық пен шабыт сыйлап, көктем мерекесінің шынайы рухын айшықтай түсті.

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.22.03 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.21.54.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-05 at 18.22.03 (1).jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...