Қорқыт ата университетінің ғалымы жоғары ғылыми марапатпен марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 наурыз 2026
  • 105

Қорқыт ата университетінің ғалымы жоғары ғылыми марапатпен марапатталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің инженерлік бейіндегі зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Роза Әбдібекқызы Нарманова Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы тағайындайтын Найля Базанова атындағы марапатқа ие болды.

Бұл марапат ғылым саласында елеулі жетістіктерге жеткен әйел ғалымдарға табысталып, олардың қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаудың белгісі болып табылады.

WhatsApp Image 2026-03-10 at 11.25.25 (3).jpeg      WhatsApp Image 2026-03-10 at 11.25.245.jpeg

Аталған марапат көрнекті ғалым, академик Найля Базанова есімімен байланысты. Ол – Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы әйел-академик, сондай-ақ биология ғылымының жаңа саласы – ауыл шаруашылығы жануарлары физиологиясының негізін қалаушылардың бірі.

Роза Әбдібекқызының ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі – 44 жыл. Ол еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында зертхана меңгерушісі ретінде бастаған.

WhatsApp Image 2026-03-10 at 11.25.25.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-10 at 11.25.25 (2).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде әр жылдары зертхана меңгерушісі, кіші ғылыми қызметкер, аға оқытушы, тестілеу орталығы басшысының орынбасары, оқу бөлімінің бас әдіскері, кафедра меңгерушісі және инженерлік бейіндегі зертхананың жетекшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда осы зертханада жетекші ғылыми қызметкер ретінде еңбек етуде.

Ғалым 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде Web of Science және Scopus базасындағы ғылыми басылымдарда жарияланған 19 мақала, 6 монография, 12 оқулық пен оқу құралы, сондай-ақ 17 патент бар.

Ғылыми жобаларға жетекшілік етіп, жас ғалымдарды тәрбиелеу арқылы Роза Әбдібекқызы отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып келеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...