Жаңа конституциялық реформаның мазмұны мен маңызы: қоғам дамуының жаңа кезеңі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 наурыз 2026
  • 86

Жаңа конституциялық реформаның мазмұны мен маңызы: қоғам дамуының жаңа кезеңі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алушылар мен оқытушыларға жаңа конституциялық жобаның мазмұны мен маңызына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – конституциялық реформалардың мәнін түсіндіру, қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі саяси өзгерістердің маңыздылығын ашып көрсету және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу барысында Конституциялық және саяси реформалардың еліміздің тұрақты дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосатын үлесі кеңінен талқыланды. Қатысушыларға жаңа конституциялық реформаның негізгі бағыттары, оның қоғам мен мемлекет дамуына ықпалы туралы жан-жақты ақпарат берілді.  
           
WhatsApp Image 2026-03-12 at 11.56.30 (1).jpeg                        

WhatsApp Image 2026-03-12 at 11.56.29 (1).jpeg                                    
Сонымен қатар болашақ заңгерлер мен экономист мамандықтарының өзара байланысы мен қоғамдағы маңыздылығы ерекше атап өтілді. Заң саласы мен экономика саласының бір-бірімен тығыз байланысты екендігі, елдің құқықтық және экономикалық жүйесін дамытуда бұл мамандықтардың рөлі жоғары екендігі айтылды. Болашақ мамандардың кәсіби білімі мен құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығы да назардан тыс қалған жоқ.

WhatsApp Image 2026-03-12 at 11.56.30.jpeg

Кездесу барысында білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, тақырып аясында сұрақтар қойып, ашық пікір алмасу жүргізілді. Бұл өз кезегінде жастардың қоғамдағы саяси процестерге деген қызығушылығын арттыруға және олардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға ықпал етті.

Аталған түсіндіру жұмыстары студенттердің құқықтық білімін тереңдетуге, елде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін дұрыс түсінуге және қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі өзгерістерге бейімделуіне бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...