«Фемида-2026» – заң мен әділдікті дәріптеген кәсіби алаң
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 наурыз 2026
  • 57

«Фемида-2026» – заң мен әділдікті дәріптеген кәсіби алаң

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс студенттері арасында «Фемида-2026» кәсіби шеберлік сайысы өтті.  

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру және болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.  

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.16.jpeg

Сайыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық білім деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге тәрбиелеу, отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ олардың шығармашылық ойлау, өз ойын еркін жеткізу, сыни тұрғыдан ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту.  

Сайысқа қатысушылар өздерінің теориялық білімдерімен қатар, кәсіби ойлау қабілеттерін, шешендік өнерін және шығармашылық әлеуеттерін жан-жақты көрсетті.  

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.17 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.16 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.18.jpeg

Сайыс бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы «Сәлем сөздің анасы» кезеңінде қатысушылар өздерін болашақ заңгер ретінде таныстырып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін көрсетті. Екінші «Менің мамандығым – менің мақтанышым» кезеңінде білім алушылар өз таңдаған мамандықтарының маңыздылығын бейнеролик арқылы жеткізді. Ал шешуші «Тікелей сұрақ» кезеңінде қатысушылар «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Конституциялық құқық», «ҚР Құқық қорғау қызметі» пәндері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін дәлелдеді.  

Сайысқа әділ баға беру үшін сот, прокуратура және құқық қорғау органының мамандары мен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының жетекшісі төрелік етті. Олар қатысушылардың білімін, кәсіби дайындық деңгейін, сөйлеу мәдениетін және шығармашылық көзқарасын әділ бағалады.  

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.18 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.18 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-17 at 15.24.17.jpeg

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, орын алған жеңімпаз командалар  арнайы дипломдармен марапатталса, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.  

Сондай-ақ, дәстүр бойынша «Жыл Фемидасы» атағы табысталып, 2025 жылғы жеңімпаз тәжін 2026 жылғы жаңа жеңімпазға табыстады.
Аталған кәсіби шеберлік сайысы студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметін қалыптастыруға және болашақ заңгер мамандардың кәсіби қалыптасуына оң ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...