Инжинирингтік парк құрылысы басталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 наурыз 2026
  • 12

Инжинирингтік парк құрылысы басталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде инжинирингтік парк құрылысы бастау алды. Заманауи зертханалық орталықтың капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары, сала ардагерлері және профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. 
Шарада аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы соңғы жылдары өңірде бой көтерген  әлеуметтік нысандардың мән-маңызына тоқталды. Сырбойылық өрендердің алаңсыз білім алып, түрлі үйірмелер мен спорт секцияларында өмірлік дағды қалыптастыруларына барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.10 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.09 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.11 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.10 (6).jpeg

-«Соңғы жылдар бедерінде облыс бойынша 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынды. Қазіргі таңда кітапхана мен театр және спорт аренасының құрылысы жүріп жатыр. Бұның бәрі балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына бағытталған шаралар. Енді міне ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдарымыз үшін керемет орталық құрылысы басталып отыр. Ең алдымен нысанның сапалы әрі мерзімінде салынуын қадағалайтын боламыз. Өйткені бұл болашаққа салынған инвестиция, - деді облыс әкімі.

Зертханалық орталықтың капсула салу рәсімінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Наурызбай Байқадамов сөз сөйледі.   

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.09.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.11 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.11 (2).jpeg

Құны 2 миллиард 256 миллион теңгені құрайтын нысан 2409 шаршы\метр аумаққа орналасады. Инжинирингтік паркте археология және «физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейінді зертханасы, жасанды интеллект және академиялық басымдық орталықтары, роботехника, жерді қашықтан зондтау, IT зертханалары орналасады. Сонымен қатар 90 орындық дәрісхана, 140 орындық конференц зал және компьютерлік аудиториялар да қарастырылған.

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.10 (4).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.10 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-24 at 18.11.10.jpeg
 
Ғылыми-технологиялық нысан жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...