«Әлемді ғылым құтқарады – IV» ғылым айлығы өз жұмысын бастады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 сәуір 2026
  • 110

«Әлемді ғылым құтқарады – IV» ғылым айлығы өз жұмысын бастады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Әлемді ғылым құтқарады – IV» атты ғылым айлығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараны университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов ашып, ғылымның қоғам дамуындағы маңыздылығына ерекше тоқталды. Наурызбай Сейтқалиұлы Мемлекет басшысының биыл ғылым, білім және инновация салаларына ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтіп, ғылымды дамыту – ел болашағының берік кепілі екенін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-04-01 at 11.16.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-01 at 11.16.20.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-01 at 11.16.20 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-01 at 11.16.19 (1).jpeg

Салтанатты жиынға AMANAT партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Жандос Базартай, университеттің басшылық құрамы, профессор-оқытушылар, ғалымдар мен студенттер қатысты.
Жиын барысында Жандос Базартай ғылым айлығының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Инжинирингтік технологиялар білім беру бағдарламасының профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов ғылыми зерттеулердің ел дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-04-01 at 11.16.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-01 at 11.16.21.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-01 at 11.16.22 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-01 at 11.16.22.jpeg

Ғылым айлығының ашылу рәсімі университеттің «Ботаникалық бақ» жылыжай шаруашылығында ағаш отырғызу акциясымен жалғасты. Бұл бастама ғылым мен табиғаттың үйлесімін көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Айта кетейік, ғылым айлығы 1-30 сәуір аралығында өтеді. Аталған айлық аясында ғылыми жобалар байқауы, зияткерлік ойындар, тәжірибелік семинарлар, вебинарлар, конференциялар, сондай-ақ ашық дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылады. 
Іс-шара студенттердің әсем әнімен қорытындыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...