Дәстүр мен бірлік үндескен кеш
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 сәуір 2026
  • 72

Дәстүр мен бірлік үндескен кеш

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылған  «Дәстүр – ұлт діңгегі» атты этнофестиваль жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға университеттің өзге ұлт өкілдерінің студенттері белсене қатысып, халқымыздың рухани бірлігін айшықтай түсті.

Этнофестивальдің басты мақсаты – түрлі этностардың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, салт-дәстүрлерді насихаттау және жастар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайту болды. Кешті Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Салтанат Бижігітқызы жүргізіп, қатысушылар мен қонақтарға жүрекжарды лебізін білдірді.

WhatsApp Image 2026-04-02 at 09.38.52.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-02 at 09.38.51 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-02 at 09.38.53 (1).jpeg

Фестиваль аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жиналғандар арқан тартыс, гір көтеру, асық ату сынды дәстүрлі ойындарда өз бақтарын сынады. Сонымен қатар қазақ, түрікмен және корей халықтарының ұлттық киімдері мен тағамдарынан құралған көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Концерттік бағдарламада студенттер ұлттық өнердің түрлі жанрларын паш етті. Күй күмбірлеп, әсем әндер шырқалып, қазақ, кәріс және түркімен халықтарының билері сахналанды. Әсіресе «Қазағым», «Қазақ осы», «Ақжайнақ», «Мен қазақтың ұлымын» секілді патриоттық әндер көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

WhatsApp Image 2026-04-02 at 09.38.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-02 at 09.38.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-02 at 09.38.50 (2).jpeg

Іс-шара барысында қазақ халқының маңызды салт-дәстүрлері – «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Тұсаукесер» көрініс ретінде сахналанып, жастарға ұлттық тәрбиенің терең мәні түсіндірілді. Бұл көріністер көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ата-баба мұрасына деген құрметті арттырды.

Этнофестиваль достық пен бірліктің, мәдени әртүрліліктің жарқын көрінісіне айналып, түрлі мәдениеттердің үндестігін көрсеткен тағылымы мол кеш болды.

WhatsApp Image 2026-04-02 at 09.38.53.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-02 at 09.50.42.jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...