Қорқыт ата университетінің студенттері республикалық байқауда үздік атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 сәуір 2026
  • 75

Қорқыт ата университетінің студенттері республикалық байқауда үздік атанды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында өткен AI Sana – Digital Kazakhstan: Projects of the Future республикалық жобалар байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, «Процестерді автоматтандыру бойынша ең үздік ЖИ-жобасы» номинациясын иеленді.
Республикалық деңгейдегі байқауға еліміздің 13 жоғары оқу орнынан студенттер қатысып, жасанды интеллект саласындағы тың жобаларын ұсынды. 
Университет атынан Жасанды интеллект институтының 1 курс студенттері Нұрсайыд Әміров, Нұрдәулет Нұзарұлы және Мади Утепберген бақ сынады. 

WhatsApp Image 2026-04-02 at 11.12.22.jpeg

Безымянный454.png

Студенттердің ғылыми жобасына Шетел тілдері және аударма білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Нұрғазы Жапбаров жетекшілік етті.
Аталған жетістік – университетте жасанды интеллект бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі. Сонымен қатар, бұл жеңіс студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып, инновациялық ойлау қабілеттерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...