Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 сәуір 2026
  • 92

Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында 2026 жылғы 6 сәуірде Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы аясында Innotech powered by Arizona State University алаңында халықаралық көрме ұйымдастырылды.

Аталған көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев қатысты.

WhatsApp Image 2026-04-06 at 18.10.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-06 at 18.10.51 (1).jpeg     WhatsApp Image 2026-04-06 at 18.10.31 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-06 at 18.10.31.jpeg

Форум жұмысына Әзербайжан Республикасынан 25-тен астам жоғары оқу орнының өкілдері қатысып, екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған маңызды келіссөздер жүргізілді.

Өз кезегінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Әзербайжанның 5 жетекші жоғары оқу орнымен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер академиялық ұтқырлықты дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға және ғылыми-зерттеу бағытындағы серіктестікті нығайтуға негіз қалайды.

WhatsApp Image 2026-04-06 at 18.10.29.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-06 at 18.10.30.jpeg     WhatsApp Image 2026-04-06 at 18.10.30 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-06 at 18.10.30 (2).jpeg

Қазіргі уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Әзербайжан жоғары оқу орындарымен академиялық алмасу және Орхун бағдарламасы аясында тығыз әріптестік орнатып отыр. Атап айтқанда, 2025–2026 оқу жылында университет студенттері Azerbaijan State Academy of Physical Education and Sport базасында білім алуда, сондай-ақ бірқатар студенттер Azerbaijan State University of Economics қабырғасында оқуын жалғастыруда.

Аталған бастамалар екі елдің жоғары білім беру жүйелері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, білім алмасу мен ғылыми интеграцияны жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...