Ғылым айы аясында интеллектуалды шоу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 сәуір 2026
  • 138

Ғылым айы аясында интеллектуалды шоу өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ғылым айы аясында «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Науки юношей питают...» атты интеллектуалды шоу өтті.

Шараның мақсаты – студенттердің интеллектуалдық әлеуетін дамытып, олардың ғылым мен білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, сондай-ақ ғылыми коммуникация мәдениетін жетілдіру.

Интеллектуалды сайысқа «Ученые», «Спутник», «Гравитация» және «Эпистема» командалары қатысып, бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар алдымен командаларын таныстырып, логотиптерін қорғады. Одан кейін түрлі бағыттағы сұрақтарды қамтыған викторинада білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады.

WhatsApp Image 2026-04-08 at 12.15.06.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 12.15.07 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 12.15.07.jpeg

Шара барысында жанкүйерлер де белсенділік танытып, «Наука спасет мир» тақырыбында дайындалған плакаттарын қорғап, ғылымның маңыздылығын насихаттады. Үй тапсырмасы кезеңінде командалар жасанды интеллект көмегімен жасалған ғылымға қатысты бейнероликтерін ұсынды. Сонымен қатар «Научное открытие» шығармашылық байқауында әлем ғалымдарының ашқан жаңалықтары сахналық қойылым түрінде көрсетілді.

WhatsApp Image 2026-04-08 at 12.15.06 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 12.15.08.jpeg

Сайыс қорытындысы бойынша «Ученые» командасы І орынға, «Гравитация» және «Эпистема» командалары ІІ орынға, ал  «Спутник» командасы ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Аталған интеллектуалды шара студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білім мен шығармашылықты ұштастырған маңызды алаңға айналды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...