Халықаралық тәжірибе бөлісу: Кеймён университетінің профессоры біздің университетте
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 сәуір 2026
  • 105

Халықаралық тәжірибе бөлісу: Кеймён университетінің профессоры біздің университетте

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов Корея Республикасы Кеймён университетінің профессоры Сонсу Кимді қабылдады.

Кездесу барысында алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, қосымша курстар мен қысқа мерзімді бағдарламалар ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және студенттер мен оқытушылар алмасуын дамытуға өзара қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, Кеймён университеті студенттермен алмасу және қос дипломды бағдарламалармен жұмыс жасау жөніндегі келісім-шарттарының жобаларын ұсынды.

260408-142342.png

260408-142442.png

Корея Республикасы Кеймён университетінің профессоры Ким Сангсу 6 және 7 сәуір күндері Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-кәріс) БББ студенттеріне Корея грамматикасы/Korean Grammar as a Foreign language курсын оффлайн форматта өткізу және студенттермен жақын танысу мақсатында университетке келді.

Бұл курс бір семестрге жалғасатын Қорқыт Ата университетімен Кеймён университеті арасындағы келісім шарт негізінде Корея Қоры қолдауымен ақпан айынан бастап онлайн форматта ұйымдастырылған. Профессорың корей тілі грамматикасы курсының 3 дәріс-лекциясына екі күн ішінде  56 бірінші және екінші курс студенттері қатысты.

Лекция барысында профессор Ким Сангсу кәріс тілінің грамматикалық құрылымдарын шетел тілі ретінде тиімді меңгеру жолдарын түсіндіріп, теориялық білімді практикалық тапсырмалармен ұштастырды. Сабақтар интерактивті форматта өтті.

260408-142220.png

260408-142246.png

Сонымен қатар, профессор кәріс тілін үйренудегі мәдени ерекшеліктерге тоқталып, Кореядағы тілдік орта мен білім беру жүйесі туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Дәріс барысында студенттермен еркін форматтағы әңгімелесу болып, олар өз сұрақтарын қойып, болашақта Кореяда білім алу мүмкіндіктері жайында ақпарат алды. Профессор Ким Сангсу  студенттердің белсенділігіне жоғары баға беріп, халықаралық академиялық байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ профессор Кореядан арнайы базарлық ретінде әрбір білім алушыларға флэшка мен Кеймён университетінің корей тілі бағдарламасына арналған брошюраларды табыстап, студенттерге қосымша оқу материалдарымен танысуға мүмкіндік жасады.

Бұл іс-шара студенттердің кәсіби және тілдік құзіреттіліктерін арттыруымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға үлкен үлес қосты.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...