Ғылым айы: Заманауи технологиялар арқылы ресурсты үнемдеу
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 сәуір 2026
  • 72

Ғылым айы: Заманауи технологиялар арқылы ресурсты үнемдеу

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде  ғылым мен технологияның тоғысқан алаңына айналған маңызды жиын өтті. «Ресурс үнемдейтін технологиялар: заманауи тәсілдер мен даму перспективалары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинарға университеттің профессор-оқытушылары, жас ғалымдар мен білім алушылар қатысты.

Семинарда  қатысушыларды бүгінгі таңдағы ресурс үнемдеудің стратегиялық маңызымен таныстырып, заманауи IT-шешімдер мен экологиялық жобалардың нақты үлгілерін көрсетті.

WhatsApp Image 2026-04-08 at 16.47.22.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 16.47.23 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 16.47.23.jpeg

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған тақырыптардың бірі – жасанды интеллект пен IoT мүмкіндіктері болды. Сондай-ақ медициналық жобаларда Nocode-платформаларды қолдану арқылы уақыт пен шығынды қалай үнемдеуге болатынын нақты мысалдармен дәлелдеп берді. Машиналық оқыту арқылы медициналық кескіндерді талдап, диагноз қоюды автоматтандыру мәселелері де жан-жақты талқыланды.

WhatsApp Image 2026-04-08 at 16.47.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 16.47.22 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 16.47.22 (2).jpeg

Сыр өңірі үшін өзекті күріш шаруашылығы мен су мәселесі де назардан тыс қалмады. Жас ғалымдар мен докторанттар Арал өңірі жағдайында күріш дақылына жұмсалатын суды үнемдеу технологияларын жетілдіру және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан пайдалы өнімдер алудың жолдарын ұсынды. Күріш қауызын өңдеп, одан мұнай химиясында қолданылатын катализаторлар алу жобасы жиналғандар тарапынан жоғары бағаланды.

Мұнан бөлек, семинарда  студенттер IoT технологиясына негізделген өздерінің Web-прототиптерін таныстырып, болашақ мамандардың цифрлық әлеуетін көрсетті.

Жиын соңында еркін пікір алмасу форматындағы сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Бұл семинар университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, жас зерттеушілерге жаңа серпін берген айтулы шара болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...