Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде халықаралық ғылыми ынтымақтастық мүмкіншіліктері талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 сәуір 2026
  • 108

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде халықаралық ғылыми ынтымақтастық мүмкіншіліктері талқыланды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Басқарма төрағасы-Ректор Наурызбай Байқадамов Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлері институтының техника ғылымдарының докторы, профессоры Радкевич Мария Викторқызымен кездесті.

Профессор М.В. Радкевич экология және су ресурстарын ұтымды басқару саласындағы танымал маман. Ол «Экология және су ресурстарын басқару» кафедрасының өкілі және қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды басқару және су тазарту технологияларына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізеді.

WhatsApp Image 2026-04-10 at 10.24.42 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-10 at 10.24.43.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-10 at 10.24.42 (1).jpeg

Кездесу барысында тараптар жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Ғылыми кадрларды даярлау, академиялық ұтқырлық перспективаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік және тұрақты табиғат пайдалану саласындағы бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Қазіргі экологиялық міндеттерді, соның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалануды және экологиялық тәуекелдерді азайтуды шешу үшін екі оқу орнының ғылыми әлеуетін біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-04-10 at 10.24.43 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-10 at 10.24.43 (2).jpeg

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды нығайтуға және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын дамытуға деген өзара қызығушылықтарын білдірді. Қол жеткізілген келісімдер халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды жүзеге асыруға негіз болатыны күтілуде.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...