Ректор университеттің белсенді студенттерімен кездеті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 сәуір 2026
  • 31

Ректор университеттің белсенді студенттерімен кездеті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов университеттің белсенді жастарымен кездесті. Кездесу  ғылым айы аясында ұйымдастырылып, университет жастары мен басшылық арасындағы ашық диалог алаңына айналды.  
Басқосуға Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі-проректор Дана Абдрашева және университеттің иститут директорлары, құрылымдық бөлім басшылары, студенттік кеңес төрағалары мен белсенді студенттер қатысты.  
Кездесудің басты мақсаты - студенттердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді талқылау және білім беру сапасын арттыру бағытында бірлескен шешімдер қабылдау болды.  
Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Салтанат Бижігітқызы кездесуді ашып, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы Жанар Сағынбаева 2025-2026 оқу жылында атқарылған әлеуметтік және тәрбие жұмыстарына тоқталды. Бүгінде оқу орнында 10 911 студент білім алуда. Сондай-ақ университетте 20-дан астам жастар ұйымы жұмыс істейді және олар ұлттық құндылықтар, құқықтық мәдениет, білім мен қамқорлық, интеллектуалды даму бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. 2025–2026 оқу жылында 462 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі айтарлықтай артқан.  Студенттерді қолдау мақсатында университетте түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 596 студентке оқу ақысына жеңілдіктер беріліп, 34 студент «Қазақстан халқына» қорының грантын иеленді.

WhatsApp Image 2026-04-10 at 11.12.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-10 at 11.12.42.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-10 at 11.12.43 (2).jpeg

Сонымен қатар, жетім балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, үздік білім көрсеткіштері бар талапкерлерге түрлі деңгейдегі оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған.  Жатақхана мәселесі де назардан тыс қалмаған. Университеттің 6 жатақханасында 1667 орын қарастырылып, қазіргі таңда 1487 студент орналастырылған. 
Мұнан бөлек, Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев баяндама жасап, алда жүзеге асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды. Ол өңірдегі стартап экожүйесін дамыту, жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру және инновациялық бастамаларды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Жасанды интеллект саласының қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтіп, осы бағытта білім алуға қызығушылық танытқан ерікті студенттерді арнайы оқу бағдарламалары мен практикалық жобаларға қатысуға шақырды. 
Кездесу ашық сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік алып, өздерін толғандырған бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын білдірді.Университет басшылығы көтерілген ұсыныстар назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. 

WhatsApp Image 2026-04-10 at 11.12.44.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-10 at 11.12.42 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-10 at 11.12.43.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-10 at 11.12.41.jpeg

Сондай ақ,  Ректор Наурызбай Байқадамов студенттерге мазмұнды ой-пікірлер айтып, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде бүгінгі таңда жасанды интеллекттің қарқынды дамып жатқанын атап өтіп: «Қазіргі уақытта сіздер бір адамның ойымен ойласаңыздар, жасанды интеллект мыңдаған адамның ойымен жұмыс істейді. Сондықтан бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз даму қажет», – деді.
Ол кез келген қиындыққа қарсы тұрып, мәселені шешуге дағдылану маңызды екенін жеткізді. Жастық шақтың адам өміріндегі ең маңызды кезең екенін айта отырып, осы уақытта білім алып, уақытты тиімді пайдалану қажет екенін ескертті. 
Ауқымды басқосу студенттер мен басшылық арасындағы байланысты нығайтып, жастардың белсенділігін арттыруға және университеттің одан әрі дамуына жаңа серпін берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...