Қорқыт ата университеті Erasmus+ Cyber4CA жобасы аясындағы халықаралық семинарға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 сәуір 2026
  • 237

Қорқыт ата университеті Erasmus+ Cyber4CA жобасы аясындағы халықаралық семинарға қатысты

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 31 наурыз – 2 сәуір аралығында Erasmus+ KA2 «Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Орталық Азияның цифрлық еңбек нарығы үшін киберқауіпсіздік саласындағы инновациялық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын әзірлеу (Cyber4CA)» жобасы аясында халықаралық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

«Еуропалық Одақ пен Орталық Азия жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын әзірлеуде киберқауіпсіздік қолданбаларын салыстырмалы талдау» деп аталатын бұл семинарға Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдарының, салалық қауымдастықтарының және мемлекеттік органдарының өкілдері қатысып, киберқауіпсіздік саласындағы білім беру жүйесін дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады. 

Семинардың негізгі мақсаты – ЕО және серіктес елдердегі жоғары оқу орындарында іске асырылып жатқан киберқауіпсіздік білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын және үздік тәжірибелерді салыстырмалы түрде талдау, сондай-ақ жобаның аналитикалық кезеңінің нәтижелерін қорытындылап, келесі кезеңге – оқу курстары мен академиялық бағдарламаларды әзірлеуге негіз қалыптастыру болды.

Семинардың алғашқы күнінде Еуропалық Одақ елдеріндегі киберқауіпсіздік саласының үздік тәжірибелері таныстырылып,білім беру стандарттары, оқыту әдістері және оқу бағдарламалары қарастырылды.

Безымянный19.png    Безымянный18.png

Сондай-ақ серіктес елдердегі қолданыстағы бағдарламалар мен өзекті мәселелер талқыланып, D2.1 және D2.2 нәтижелері негізінде жүргізілген талдаулар ұсынылды. Ал екінші күнінде киберқауіпсіздік саласындағы кәсіби құзыреттер мен еңбек нарығы талаптары қарастырылды. Мәселен, CyberLab (киберзертхана) модельдері талқыланды. Мұнан бөлек, қатысушылар жұмыс топтарына бөлініп, параллель сессияларда оқу бағдарламаларының мазмұны, практикалық оқыту, зертханалық инфрақұрылым және институционалдық қолдау мәселелерін қарастырды.

Семинар барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры Даутбаева А.О. баяндама жасап, университетте ашуға жоспарланып отырған инновациялық киберқауіпсіздік магистрлік бағдарламасының оқу жұмыс жоспарына кешенді талдау ұсынды. Баяндамада пәндердің мазмұны, оқу нәтижелері мен сипаттамалары егжей-тегжейлі қарастырылып, әсіресе кәсіби пәндерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, ұсынылған оқу жоспары шетелдік серіктес университеттердің тәжірибелерімен салыстырылып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағытында халықаралық деңгейде пікір алмасу жүзеге асырылды.

Параллель жұмыс топтары аясында университетіміздің қауымдастырылған профессоры Қонырбаев Н.Б. қатысып, CyberLab және практикалық оқыту бағыттары бойынша талқылауларға белсенді атсалысты. Бұл секцияда зертханалық жабдықтар, оқу-зертханалық инфрақұрылым, практикалық тапсырмалар жүйесі және индустриямен ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.Аталған семинар-тренинг киберқауіпсіздік саласындағы жоғары білім беру сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және өңірлік білім беру бағдарламаларын жетілдіруге маңызды үлес қосты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...