Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 сәуір 2026
  • 124

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев әлеуметтік жұмыс мамандығының 2-курс студенттерімен кездесті. 

Кездесу барысында ҚР Конституциясында және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары туралы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, табиғи және әлеуметтік құқықтардың ерекшеліктері мен олардың қоғамдағы маңызы сөз болды.

WhatsApp Image 2026-04-14 at 12.15.51 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-14 at 12.15.52.jpeg

Сонымен қатар, өмір сүру, еркіндік, білім алу, еңбек ету, әділ сотқа жүгіну сияқты әрбір азаматқа тиесілі негізгі құқықтар кеңінен қамтылды. 

Студенттерге адам құқықтарының әркімге туғаннан бастап берілетіні және олардың сақталуын мемлекет қамтамасыз ететіні айтылды.  

WhatsApp Image 2026-04-14 at 12.15.50.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-14 at 12.15.51.jpeg

Сондай-ақ, 2022 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған маңызды конституциялық заңдарға тоқталды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңының маңыздылығы түсіндірілді.  

Басқосу барысында студенттер өз сауалдарына жауап алып, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...