Инженерлі-технологиялық институты - спартакиада жеңімпазы!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 сәуір 2026
  • 137

Инженерлі-технологиялық институты - спартакиада жеңімпазы!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алушылар арасында ұйымдастырылған институтаралық дәстүрлі спартакиаданың жабылу салтанаты өтті.

Ауқымды спорттық шара студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ командалық рух пен ұйымшылдықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-04-14 at 17.45.50.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-14 at 17.45.52.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-14 at 17.45.52 (2).jpeg

Бес күнге созылған тартысты бәсеке барысында қатысушылар спорттың 8 түрі бойынша өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, стритбол, шахмат, волейбол, футзал, жүзу және арқан тарту секілді спорт түрлері бойынша шеберлік байқасты. 

WhatsApp Image 2026-04-14 at 17.45.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-14 at 17.45.51 (1).jpeg

Тартысты сайыс нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған командалар мен үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшылар арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, «Үздік команда жетекшісі», «Үздік төреші» сынды арнайы номинациялар да табысталды.

WhatsApp Image 2026-04-14 at 17.45.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-14 at 17.45.51 (2).jpeg

Жалпы командалық есеп бойынша III-орынды Жасанды интеллект институты иеленсе, II-орын Экономика және құқық институтына бұйырды. Ал  Инженерлі-технологиялық институты спартакиаданың жеңімпазы атанды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...