Өнер мен ғылым симфониясы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 сәуір 2026
  • 55

Өнер мен ғылым симфониясы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Өнер мен ғылым симфониясы» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Аталған іс-шараны Педагогика және дәстүрлі өнер институтының «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасы ұйымдастырды.

Семинар аясында ұйымдастырылған көрме қатысушылар мен қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. 
Көрме барысында студенттер өздерінің қолөнер туындыларын, шығармашылық жобаларын және ғылыми жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.

WhatsApp Image 2026-04-16 at 17.23.32 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 17.23.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 17.23.35.jpeg

Ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы студенттердің шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігін айқын көрсетті. Әсіресе, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары, заманауи дизайн үлгілері және ғылыми тұрғыда негізделген жобалар көрменің мазмұнын байыта түсті.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру және өнер мен ғылымның өзара байланысын насихаттау болды. Бұл бағытта семинар студенттерге өз идеяларын жүзеге асырып, тәжірибе алмасуға және жаңа көзқарастар қалыптастыруға мүмкіндік берді.

WhatsApp Image 2026-04-16 at 17.23.32 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 17.23.32.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 17.23.33.jpeg

Көрме мен семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тың идеялармен бөлісті. Мұндай іс-шаралар жас мамандардың кәсіби дамуына оң әсер етіп, олардың болашақтағы жетістіктеріне берік негіз қалайды.

Ғылыми-тәжірибелік семинар – білім мен шығармашылықтың үйлесімін көрсеткен маңызды алаңдардың бірі болды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...