Түркиялық студенттер Қорқыт ата университетінде білім алуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 сәуір 2026
  • 41

Түркиялық студенттер Қорқыт ата университетінде білім алуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Түркия Республикасының Сельджук университетінен студенттер білім алуға келді. Студенттер «Тарих және археология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын болады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты – студенттердің халықаралық білім беру кеңістігіндегі тәжірибесін кеңейту, мәдениетаралық байланыстарды нығайту және білім сапасын арттыру. Осы мақсатта шетелдік студенттер университеттің оқу процесіне қатысып, профессор-оқытушылар құрамының дәрістерін тыңдап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

WhatsApp Image 2026-04-16 at 17.25.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 17.25.14.jpeg

Сонымен қатар, Түркиядан келген студенттер Қызылорда өңірінің тарихымен, мәдениетімен танысып, университеттің қоғамдық және студенттік өміріне белсенді қатысатын болады. Бұл өз кезегінде екі жоғары оқу орны арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Қорқыт ата университеті халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүйелі түрде дамытып, шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікті кеңейту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...