«Студенттік ғылым – 2026»: жас зерттеушілердің жарқын жетістіктері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 сәуір 2026
  • 100

«Студенттік ғылым – 2026»: жас зерттеушілердің жарқын жетістіктері

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Студенттік ғылым – 2026» ХХVIII ғылыми конференциясы биыл да жоғары деңгейде өтті. Ауқымды ғылыми шара «Әлемді ғылым құтқарады – IV» ғылым айлығы аясында ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов қатысып, студенттердің ғылыми жетістіктері ұсынылған көрмені аралады. Биыл 31 ғылыми көрме ұйымдастырылып, онда білім алушылардың зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобалары таныстырылды. Қазіргі таңда университетте 500-ге жуық студент ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып келеді. Ректор жас зерттеушілердің еңбектерін жоғары бағалап, ғылымға бет бұрған жастарға қолдау жалғасатынын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.23.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.23.58.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.23.58 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.23.57 (3).jpeg    WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.23.59.jpeg

Жиынның ресми бөлігінде конференцияны Академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева ашып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Нұрғали Ақылбеков конференцияның негізгі мақсат-міндеттері туралы айтып, студенттік ғылымды дамыту бағытындағы жұмыстарға кеңінен тоқталды.

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.23.59 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.24.01.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.24.01 (2).jpeg

Конференция барысында қатысушылар өз ғылыми баяндамаларын ұсынып, зерттеу жобалары мен инновациялық идеяларын қорғады. Әртүрлі бағыттағы ғылыми жұмыстар студенттердің ізденіс деңгейін көрсетіп, жаңа бастамаларға жол ашты. 

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.24.00.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-17 at 16.24.01 (1).jpeg

Аталған шара студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға, зерттеу дағдыларын дамытуға және жас ғалымдардың қалыптасуына үлкен мүмкіндік берді. Конференция қорытындысы бойынша үздік ғылыми жобалар анықталып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...