Халықаралық білім кеңістігіндегі жаңа мүмкіндіктер
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 сәуір 2026
  • 30

Халықаралық білім кеңістігіндегі жаңа мүмкіндіктер

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында маңызды ғылыми-академиялық іс-шара жүзеге асырылды. Аталған келісім негізінде Биология және География білім беру бағдарламаларының 2 курс магистранттары Ташкент қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті.

WhatsApp Image 2026-04-17 at 17.40.59 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-17 at 17.40.59.jpeg

Тағылымдама барысында магистранттар заманауи ғылыми зерттеу әдістерімен жан-жақты танысып, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, олар шетелдік әріптестермен ғылыми-педагогикалық тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейдегі ғылыми ортада өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Білім алушылар университеттің жетекші ғалымдарының дәрістеріне қатысып, ғылыми жобалар аясында пікір алмасу арқылы өздерінің зерттеу бағыттарын кеңейтті.
Бұл тағылымдама магистранттардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға және халықаралық білім беру кеңістігіндегі байланыстарын нығайтуға ықпал етті. Осындай тәжірибелер болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың ғылыми әлеуетін көтеруге жол ашады.

WhatsApp Image 2026-04-17 at 17.40.59 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-17 at 17.40.59 (2).jpeg

Сонымен қатар, «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Рахат Құрманбаев және аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Гульмира Назарова сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің білім алушыларына дәрістер оқыды. Дәрістер жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, тыңдаушылар тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болды.
Халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асқан бұл іс-шара екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми және академиялық байланысты одан әрі нығайтып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...