«AMANAT IDEATHON» хакатоны: жеңімпаздар 1 миллион теңге мен Қорқыт ата университетінің грантын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 сәуір 2026
  • 32

«AMANAT IDEATHON» хакатоны: жеңімпаздар 1 миллион теңге мен Қорқыт ата университетінің грантын иеленді


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде әлеуметтік маңызы бар инновациялық идеяларға арналған «AMANAT IDEATHON» хакатоны жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті. 

Ауқымды іс-шара «Kyzylorda Hub» пен «Amanat» партиясының бірлесуімен және «Shik» жарнамалық агенттігінің демеушілігімен жүзеге асырылды.

Шараның ашылу салтанатына университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Хакатонның басты мақсаты — мектеп оқушылары мен студенттердің қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларын қолдау, олардың идеяларын нақты жобаларға айналдыруға жағдай жасау және жас буынның инновациялық әлеуетін дамыту. 

Сондай-ақ қатысушылар өз идеяларын ұсынып қана қоймай, оларды тәжірибелік тұрғыда жетілдіріп, нақты шешім ретінде қорғау мүмкіндігіне ие болды.

WhatsApp Image 2026-04-20 at 10.53.24.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 10.53.25.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 10.53.24 (1).jpeg

Шараның ашылуында "AMANAT" партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың өңір жастары үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Хакатон аясында қатысушылар бес бағыт бойынша жобаларын ұсынды: PropTech & CityTech бағыты тұрғын үй басқару жүйесінің ашықтығын арттыру мен «ақылды» қалалық шешімдерді енгізуге арналса, MedTech цифрлық денсаулық сақтау саласындағы инновациялық сервистерді дамытуға бағытталды, LegalTech құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру мен бюрократиялық кедергілерді азайтуды көздеді, EdTech инклюзивті білім беру мен цифрлық кәсіптік бағдарлау платформаларын әзірлеуге мән берді, ал Community Tech әлеуметтік қолдауды күшейтіп, еріктілер мен көмекке мұқтаж азаматтарды байланыстыратын цифрлық шешімдер ұсынуға бағытталды.

Байқауға Астана қаласы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 200-ге жуық жас зияткер қатысып, 100-ге жуық жоба ұсынды.

WhatsApp Image 2026-04-20 at 10.53.26 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 10.53.25 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 10.53.25 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 10.53.27 (1).jpeg

Қорытынды кезеңде үздік жобалар іріктеліп, жеңімпаздар анықталды. Сырдария ауданы №35 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Мұхамеджанова Көркем Жандосқызы өзінің жобасымен көзге түсіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантына ие болды.

Сондай-ақ, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға ағылшын тілін ойын форматында үйретуге арналған «Qozy» мобильді қосымшасын таныстырған Жолдасбек Мадибек пен Ерасыл Сарыбаев 1 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

WhatsApp Image 2026-04-20 at 11.10.55.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 11.10.54 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 11.10.54.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 11.10.54 (1).jpeg

Шара барысында ең жас қатысушы және Ақтөбе облысынан келген команда өкілдері де арнайы естелік сыйлықтарға ие болды.

Жастардың тың идеяларын қолдап, оларды нақты жобаларға ұластыру арқылы өңірдің инновациялық дамуына серпін беретін бұл жоба қатысушыларға үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктер ұсынды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...