Университет студенттері Республикалық олимпиадада II орын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 сәуір 2026
  • 99

Университет студенттері Республикалық олимпиадада II орын иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Шамшырақ” командасы республикалық деңгейде маңызды жетістікке қол жеткізді.

Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті. 

Аталған білім додасына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өзара білім мен тәжірибе алмасты.
Олимпиада барысында қатысушылар өз университеттерінің материалдық-техникалық базасын, білім беру бағдарламаларын, жетістіктерін және әлеуметтік жұмыс саласындағы білім алушылардың табыстарын таныстырды. 

WhatsApp Image 2026-04-20 at 13.17.58.jpeg     WhatsApp Image 2026-04-20 at 13.17.59.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-20 at 13.17.57.jpeg    WhatsApp Image 2026-04-20 at 13.17.58 (1).jpeg

Байқау екі кезеңнен тұрып, І кезеңде әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер бойынша кейс талдау жүргізілсе, ІІ кезеңде қатысушылар ғылыми жобаларын қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Шамшырақ” командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Меруерт Өмірзақова жетекшілік еткен команда құрамында СР-23-1 және СР-23-5 оқу топтарының студенттері Нұрайна Бақбергенқызы, Ләззат Жанарысова және Айсана Тұрсынбай республикалық пәндік олимпиадада бақ сынады.

WhatsApp Image 2026-04-20 at 13.17.59 (1).jpeg

Бұл жетістік – университет студенттерінің сапалы білім алып, әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде дәлелдей алғанының айқын көрсеткіші.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...