КОREA TELECOM CORPORATION ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 сәуір 2026
  • 81

КОREA TELECOM CORPORATION ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Корея Республикасының жетекші телекоммуникациялық компаниясының өкілдері Қорқыт ата университетінде болды. Шетелдік делегацияны Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов қарсы алып, университеттің бай тарихы мен толымды табыстары және инфрақұрылымдық жобаларымен таныстырып өтті.  

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.07.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.08.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.22 (1).jpeg

Шығыс Азиялық меймандар 5-оқу ғимаратын аралау барысында сирек кездесетін кітаптар қорына таңданыс білдірді. Әсіресе 18-ғасырда көне корей тілінде жазылған көптомдық жинақтың тарихи мән-маңынзына айырықша тоқталды. 
Корей түбегінен келген қонақтар одан әрі Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейін аралап көрді. Сонымен қатар Инженерлік бейіндегі зертхана жұмысы, Жасанды интеллект институтының қызметі, студенттердің ғылыми жобалары және «Kyzylorda Hub» инновациялық бастамалары таныстырылды.

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.09.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.10.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.13 (1).jpeg

Ресми кездесуде Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов университеттің құрылу тарихы 1937 жылы Қызылорда қаласына Қиыр-Шығыс корей педагогикалық институтының көшіп келуімен тығыз байланысты екенін жеткізді.  Сондай-ақ Ректор Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығына тоқталып, екі елдің 30 жылдан астам уақыт бойы сенімді дипломатиялық қарым-қатынаста екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.17.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.21.jpeg

Корея делегациясы атынан Хан Донг-Гун мырза Корея Республикасы тарихына шолу жасап, негізгі даму бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар кореялық тарап университетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытатынын жеткізді.

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.16 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.18.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-21 at 15.47.22.jpeg

Жиын барысында Кореяның жетекші телекоммуникациялық компаниясы мен Хон Бом До қоғамының басшылары екіжақты жазғы мектеп ұйымдастыру, тіл үйрену бағдарламаларын іске қосу, студенттерге арналған стипендиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысында тараптар білім, ғылым және мәдениет салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісіп, алдағы уақытта серіктестікті нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...