Абай әлеміне саяхат
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 сәуір 2026
  • 45

Абай әлеміне саяхат

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттауға арналған «Абай әлеміне саяхат» атты интеллектуалды сайыс өтті. Тағылымы мол білім додасында студенттер өз білімдерімен қатар, ой ұшқырлығы мен парасаттылықтарын да таныта білді.

Сайыс барысында қатысушыларға алдымен ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды ақпарат ұсынылып, кейін студенттер арнайы ұяшықтарды таңдау арқылы Абайдың өмір жолы мен рухани мұрасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.13.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.13.51 (3).jpeg

Тартысты өткен дода қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, І орынды «Дилмаш-3» жатақханасының студенттерінен құралған «Парасат перзенттері» тобы иеленді. ІІ орын №3 жатақхананың «Қара сөз шырақшылары» тобына бұйырса, ІІІ орынды Педагогика және дәстүрлі өнер институтының «Абай аманаты» тобы қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, ерекше дайындықтарымен көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. №5 жатақхана студенттері «Жас Абайтанушылар», Педагогика және дәстүрлі өнер институтының студенттері «Абай ізбасарлары», ал Экономика және құқық институтының білім алушылары «Шығармашыл ізденімпаз топ» номинацияларына ие болды. Сайысқа белсене қатысқан барлық студенттерге құрмет ретінде кітаптар мен арнайы сыйлықтар табысталды. 

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.13.53.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.15.01.jpeg

Аталған шара студенттердің ұлттық руханиятқа деген қызығушылығын арттырып, Абай мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...