ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ЯССАУИ ФЕНОМЕНІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 сәуір 2026
  • 73

ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ЯССАУИ ФЕНОМЕНІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Түркістан және Яссауи феномені: тарих пен тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ұлттық руханияттың өзегіне айналған Түркістанның тарихи-мәдени маңызы мен Қожа Ахмет Яссауи мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеуге бағытталды.
Жиынды Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева ашып, Түркістанның түркі әлеміндегі ерекше орны мен рухани құндылық ретіндегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи ілімін терең зерттеу мен насихаттау – қазіргі ғылым мен білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі екеніне тоқталды.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.29.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.29.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.30.49 (1).jpeg

Дөңгелек үстел барысында сала мамандары мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, философия-теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев «Қожа Ахмет Яссауи тұлғасы және ілімі» тақырыбында баяндама жасап, ойшылдың рухани мұрасының маңызын кеңінен талдады.
Қызылорда облысының дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, дінтанушы Асхат Ерубай «Яссауи мен Абай ілімдеріндегі «Кемел» және «Толық адам» концепцияларының арақатынасы» тақырыбында баяндама ұсынып, екі ілім арасындағы философиялық сабақтастықты айқындады.
Сонымен қатар, Қорқыт ата университетінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, философия докторы Талғат Жолдасұлы «Советтік идеологияның яссауилік пен ишанизмге қарсы насихаты: әдебиет, өнер және ғылымдағы көріністері» тақырыбында баяндама жасап, тарихи кезеңдегі рухани құндылықтарға қатысты көзқарастарды ғылыми тұрғыда саралады.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.29.20.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.29.22 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.29.22 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.29.21 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.29.22.jpeg

Университеттің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай «Ахмет Яссауи және далалық ислам» тақырыбында баяндама жасап, қазақ даласындағы исламның дамуына Яссауи ілімінің ықпалын жан-жақты талдады.
Іс-шара барысында Қожа Ахмет Яссауи мұрасы, сопылық ілім, далалық ислам феномені және ұлттық руханият мәселелері кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар мұндай ғылыми жиындардың рухани құндылықтарды дәріптеуде және жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды екенін атап өтті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...