УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАСТАР» ФОРУМЫНДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 сәуір 2026
  • 81

УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАСТАР» ФОРУМЫНДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері SDU University базасында өткен «Жаңа Конституция – Жастар» атты студенттік көшбасшылардың республикалық форумына қатысты. 
Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 80-ге жуық жоғары оқу орнының өкілдері, 160-тан астам студент және 500-ге жуық қонақ жиналды. Университетіміздің атынан Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Салтанат Бижігітқызы мен Инженерлі-технологиялық институттың студенттік кеңес төрағасы Еркебұлан Баядилов қатысып, оқу орнының белсенді жастарының атынан өз үлестерін қосты. 

WhatsApp Image 2026-04-24 at 17.38.43 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 17.38.44 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 17.38.43 (3).jpeg

Форум жастар арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды республикалық алаңға айналды. Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың «Толық адам» ілімі негізінде рухани-адамгершілік, зияткерлік және көшбасшылық қасиеттерді дамыту мәселелері кеңінен қарастырылды.
Бағдарлама аясында «Нұрлы ақыл», «Жылы жүрек», «Ыстық қайрат» бағыттары бойынша панельдік сессиялар, практикалық воркшоптар мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, экологиялық акция шеңберінде 20 көшет отырғызылып, «Көшбасшылар» аллеясының ашылуына орай ағаш отырғызу рәсімі өтті.

WhatsApp Image 2026-04-24 at 17.38.43 (4).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 17.38.45.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 17.38.44 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 17.38.45 (1).jpeg    WhatsApp Image 2026-04-24 at 17.38.44.jpeg

Салтанатты іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Форум қорытындысы бойынша белсенді студенттер ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталды.
Аталған форум университет студенттері үшін тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...