AQYL TECH / IT AIEL KYZYLORDA 2026
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 сәуір 2026
  • 10

AQYL TECH / IT AIEL KYZYLORDA 2026

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде AQYL TECH / IT AIEL KYZYLORDA 2026 тақырыбында ауқымды воркшоп өтті.
Іс-шараның мақсаты – әйелдер мен жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, IT саласындағы мүмкіндіктерді кеңінен таныстыру және стартап мәдениетін дамытуға серпін беру.
Воркшопты университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов ашып, қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен инновациялардың қоғам дамуындағы шешуші рөлін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-04-24 at 18.03.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 18.03.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 18.03.16 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 18.03.15.jpeg

Ректор өз сөзінде мұндай алаңдардың тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды қалыптастыруға және кәсіби бағыт-бағдар алуға зор мүмкіндік беретінін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жиын барысында «TechnoWomen» ҚҚ Басқарма төрайымы Азиза Шужеева «Әйелдер мен жастар үшін жаңа мүмкіндіктер. Aqyl Tech / IT Aiel» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық ортадағы әйелдердің рөлін арттыру мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар, Techno Tumar қыздарға арналған инкубациялық бағдарламасының қатысушылары марапатталды.
Сондай-ақ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бас менеджері Амиша Хадай мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жаңа бастамалар жөнінде ақпарат берді. Ал Kyzylorda Hub директоры Жанарыс Түбекбаев өңірдегі стартап экожүйесінің дамуы мен хаб мүмкіндіктерін таныстырып, жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар ұсынды.

WhatsApp Image 2026-04-24 at 18.03.13 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 18.03.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 18.03.14 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-24 at 18.03.13.jpeg

Воркшоп аясында тәжірибелі спикерлер өз білімдерімен бөлісті. Кәсіпкер, қаржы сарапшысы, FingWin қосымшасының тең құрылтайшысы Нұргүл Бексұлтанова «Қаржысын басқармайтын адамды қаржы басқарады» тақырыбында қаржылық сауаттылықтың маңызын түсіндірді.
Ал AI Pro School IT мектебінің негізін қалаушы, Astana Hub резиденті, Strimmeo.com платформасының тең құрылтайшысы Надира Батырбаева «20–30 мың теңге 2–3 сағатта: AI-креатив арқылы табыс табу формуласы» тақырыбында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын көрсетті.
Шара соңында қатысушылар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, пікір алмасу алаңында еркін диалог құрды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...