Open speech Kyzylorda. Кәсіптегі инновациялық шешімдер
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 қыркүйек 2022
  • 1519

Open speech Kyzylorda. Кәсіптегі инновациялық шешімдер

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының 9 жылдығына арналған кездесу өтті.

Жиында кәсіпкерлік саласын дамыту, ІТ технологияны өндірісте қолдану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде жас кәсіпкерлер мен студенттер ІТ жобалары мен стартап идеяларын таныстырды.

Шараға университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова, серіктестер, кәсіпкерлер мен IT саласының мамандары, студенттер қатысты.

– Еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына зор үлес қосқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы құрылған болатын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің дамуына, жаңа кәсіпкерлердің қалыптасуына ықпал етіп келеді, – деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арасында кәсіпкерлікті дамыту, тың идеяларына қолдау көрсету мақсатында «Бизнес-Старт» бизнес-инкубаторы жұмыс істейді.

 Орталық 5 жыл ішінде 7500 жасқа бағыт-бағдар берді. Қазіргі уақытқа дейін инкубатордан 89 резидент-түлек шығып, жалпы 70 миллионға жуық қаржы тартылды.

 

017.JPG

 

018.JPG

  019.jpg

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...