IZBASAR БАҒДАРЛАМАСЫ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА ЖАҢА СЕРПІН
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 сәуір 2026
  • 65

IZBASAR БАҒДАРЛАМАСЫ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА ЖАҢА СЕРПІН

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «НАК «Казатомпром» АҚ тарапынан ұйымдастырылған IZBASAR бағдарламасы бойынша және бос жұмыс орындары туралы ақпараттық кездесу өтті. Рекрутинг бөлімі мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуге Инженерлі-технологиялық институты мен Жасанды интеллект институтының студенттері қатысып, тың ақпараттар алды.  

Кездесудің басты мақсаты – белсенді жастарды қолдауға бағытталған бағдарлама мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ студенттердің кәсіби дамуына жол ашу болды.

Кездесу барысында студенттерге IZBASAR бағдарламасының мазмұны, қатысу шарттары мен негізгі артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Аталған бағдарлама жас мамандарға тәжірибе жинақтап, ірі ұлттық компанияда кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-04-28 at 17.47.26 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-28 at 17.47.25.jpeg

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар қатарында өндіріс саласының білікті мамандары болды. Атап айтқанда, Жеңіс Алуа Санатқызы – «Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС-нің инженер-геологы студенттерге бағдарлама туралы кеңінен түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, «Байкен-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері: Ғизат Еркебұлан Нұрлыбекұлы – геологиялық-геотехнологиялық департаментінің бас менеджері, Исмаил Нұрсұлтан Саматұлы – HR және әлеуметтік жұмыс департаментінің бас менеджері студенттерге компанияға жұмысқа орналасу жолдары туралы маңызды мәліметтер ұсынды. 

WhatsApp Image 2026-04-28 at 17.47.26.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-28 at 17.47.27 (1).jpeg

Кездесу барысында компания өкілдері «Байкен-U» ЖШС-не жұмысқа орналасу үшін ресми сайтқа тіркелу, түйіндеме жолдау тәртібі, іріктеу кезеңдері туралы толық ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, компанияның қызметкерлерге ұсынатын мүмкіндіктері, әлеуметтік қолдау шаралары және кәсіби өсу перспективалары кеңінен таныстырылды.

Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.Осындай мазмұнды кездесулер студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал етері анық.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...