ҒЫЛЫМИ БАСҚОСУДА ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 сәуір 2026
  • 133

ҒЫЛЫМИ БАСҚОСУДА ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұлы ғалым, ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби ғылыми мұраларын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті. «Шығыс пен Батыс арасындағы рухани көпір: Әл-Фараби және қазіргі ғылым» тақырыбындағы шараны университеттің Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясы ұйымдастырды.

Жиынды Экономика және құқық институтының директоры Айнұр Исаева ашып, кездесудің басты мақсаты – Әл-Фарабидің философиялық көзқарастарын терең талдап, оның көпқырлы шығармашылық мұрасымен таныстыру екенін атап өтті. Іс-шараға онлайн форматта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Әл-Фараби орталығының директоры Пірімбек Сүлейменов қатысып, «Әл-Фараби мұрасы – адамзат өркениетінің рухани қазынасы» атты баяндама жасады. Ол өз сөзінде ғұламаның еңбектеріндегі гуманистік идеяларды, қоғам мен адам, билік пен жауапкершілік мәселелерін жан-жақты талдап, әсіресе «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатына ерекше тоқталды.

WhatsApp Image 2026-04-29 at 17.06.59.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-29 at 17.06.57.jpeg

Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Жанат Момынқұлов «Әл-Фарабидің түсінігіндегі философия және діннің арақатынасы» тақырыбында баяндама жасап, ойшылдың дін мен философияны бір ақиқаттың екі түрлі жеткізілу жолы ретінде қарастырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Әл-Фараби ілімінде дін – халықтың тілі болса, философия – ақиқаттың тілі ретінде сипатталады.

Дөңгелек үстелде Abai.kz порталы сарапшысы, философ-публицист Әбдірашит Бәкірұлы ежелгі грек философиясы мен Әл-Фараби ілімінің сабақтастығына тоқталды. Сонымен қатар, университетіміздің профессоры Баймырза Қожамберлиев ғалымның ғылымға қосқан үлесін сараласа,философия ғылымдарының кандидаты  Галия Кулбашева «Концепция эвдомонизма Аль-Фараби и ее значение для понимания счастья в цифровой культуре» тақырыбында баяндама жасады.

WhatsApp Image 2026-04-29 at 17.06.58 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-29 at 17.06.57 (2).jpeg

Кездесу барысында филология мамандығының студенттері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасты.

Маңызы ерек кездесу Әл-Фараби мұрасының заманауи ғылым мен қоғам үшін маңызын айқындап, жас ұрпақтың рухани-танымдық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...