ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 сәуір 2026
  • 107

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара ұйымдастырылды. 
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, әсіресе есірткі қылмысының зияны туралы тереңірек ақпарат беру және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру. Бүгінгі таңда жастардың құқықтық санасын нығайту – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі.

WhatsApp Image 2026-04-29 at 17.28.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-29 at 17.28.34.jpeg

Жиын барысында студенттер «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдерді тамашалады. Бұл туындыларда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен салдары, есірткіге тәуелділіктің қауіптілігі және әр адамның жеке жауапкершілігі жан-жақты көрсетілген.
Шараға Қызылорда Қалалық Полиция Басқармасының Қоғамдық Қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Абат Насрадин, Қызылорда Қалалық Полиция Басқармасының Қоғамдық Қауіпсіздік бөлімінің Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жандос Мәлік қатысып, студенттерге құқықтық нормалар мен заң талаптары жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар есірткі қылмысының салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы нақты мысалдар келтіріп, жастарды заң бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.

WhatsApp Image 2026-04-29 at 17.28.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-29 at 17.28.37.jpeg

Кездесу соңында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, көрген фильмдер бойынша ой талқы жүргізді. Ашық пікір алмасу барысында жастар құқықтық мәселелерге қатысты өз көзқарастарын білдіріп, өзекті сұрақтарына жауап алды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...