СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЭКОСАҒАТ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 сәуір 2026
  • 70

СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЭКОСАҒАТ

Қазақстан бойынша біз мезгілде 18 университетте «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында экологиялық сағаттар ұйымдастырылды. Шараға офлайн форматта 4 мыңнан астам студент қатысты. Одан бөлек 120 университет пен колледждің білім алушылары және 700 жалпы білім беретін мектеп оқушылары онлайн форматта қосылды.  

Экосағатқа Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов қатысты.

Экосағат аясында алдымен қонақтарға кітап көрмесі мен студенттердің ғылыми жобалары таныстырылды. Әсіресе тамшылатып суару әдісі, сондай-ақ көлік жуу орталықтарында суды тиімді пайдалану мақсатында оны қайта тазартып, өңдеуге арналған заманауи технологиялар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, қатысушылар университеттегі су шаруашылығы мұражайына экскурсия жасады. 

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.43.13 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.43.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.43.15.jpeg

Одан кейін, Сейілбек Серғазыұлы университет студенттері және оқытушыларымен кездесті.  Жиынды университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева ашып, оқу орнында білім мен ғылымды ұштастыра отырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар су ресурстарын басқару және экология бағытында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Өз баяндамасында Сейілбек Нұрымбетов суды тиімді пайдалану, су қоймаларын салу және жаңарту, каналдарды жөндеу, экологияны қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ су тапшылығының алдын алу бағытындағы алдағы жоспарлармен бөлісті. Биылғы жоспарға сәйкес, 900 миллион текше\метрді қамтитын жаңа су қоймаларын салу және 746 каналды қайта жөндеу көзделген. Бұдан бөлек, Солтүстік Арал теңізі қалпына келтіру жұмыстарының қарқынды жүріп жатқаны айтылды.

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.43.14 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.43.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.43.13.jpeg

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы да атап өтілді. Аталған акцияға 13 мыңнан астам адам тартылып, 300 тонна қалдық шығарылды. Сондай-ақ тіршілік нәрі саналатын 30 бұлақтың көзі ашылды. 

Жиынға сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің тарифтік саясатты реттеу департаментінің директоры Дархан Қайнбердиев қатысып, су ресурстарын үнемдеу мәселелері жөнінде пікір білдірді. Экологиялық сағат барысында су шаруашылығы мамандығында білім алып жатқан студенттер өз сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Шара соңында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан салаға үлес қосқан бірқатар оқытушылар мен студенттер марапатталды.

Экологиялық танымдық сағаттар студенттердің кәсіби көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, ғылым мен тәжірибені ұштастыру арқылы еліміздегі су шаруашылығы саласын дамытуға серпін беретін маңызды бастамалардың бірі екені анық.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...