«ӘЛЕМДІ ҒЫЛЫМ ҚҰТҚАРАДЫ – IV» ҒЫЛЫМ АЙЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 сәуір 2026
  • 23

«ӘЛЕМДІ ҒЫЛЫМ ҚҰТҚАРАДЫ – IV» ҒЫЛЫМ АЙЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Әлемді ғылым құтқарады – IV» атты дәстүрлі ғылым айлығының жабылу салтанаты өтті. Ауқымды іс-шара университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған бір айлық еңбектің қорытындысын шығарып, үздіктерді марапаттаумен ерекшеленді.
Салтанатты жиын университет ұжымының Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамовтың III дәрежелі «Барыс» орденімен наградталуымен құттықтаудан басталды. 

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.28.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.29.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.28 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.29 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.30 (2).jpeg

Іс-шараның ашылуында Ректор ғылым айлығы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, университетте ғылыми-зерттеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 
Ғылым айлығы барысында 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған. Атап айтқанда, 27 ғылыми семинар мен вебинар, профессор-оқытушылардың 9 ашық дәрісі, республикалық және 5 халықаралық конференция, 4 ғылыми тұлғаға арналған дөңгелек үстел, 6 студенттік конференция, 5 ғылыми олимпиада, сондай-ақ түрлі сайыстар, сенбілік акциялар мен ғылым көрмелері өткізілген.

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.30.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.30 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.31.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.31 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.31 (2).jpeg


Жиын барысында ғылым мен білім саласына үлес қосып жүрген профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми орталықтар мен зертхана ұжымдары, сондай-ақ білім алушылар ректордың алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, жоғары рейтингілі ғылыми журналдарда жарияланымдары бар «Белсенді ТОП-20 автор» иегерлері арнайы марапатқа ие болды.
Аталған іс-шара ғылым мен білімнің өзара сабақтастығын нығайтып, жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми ізденісіне тың серпін берді.

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.33.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.32 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.46.33 (1).jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...