ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ ТАЛАПКЕРЛЕРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 мамыр 2026
  • 11

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ ТАЛАПКЕРЛЕРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері 13–28 сәуір аралығында Арал, Қазалы, Байқоңыр, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарында мектеп бітіруші түлектермен кездесті.

WhatsApp Image 2026-05-04 at 10.21.04 (1).jpeg    WhatsApp Image 2026-05-04 at 10.21.04 (5).jpeg

Кездесулердің негізгі мақсаты – талапкерлерге дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат ұсыну. Кәсіби бағдар беру жұмыстары барысында университеттің білім беру бағдарламалары, қос диплом мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, сондай-ақ білім алушыларға қарастырылған жеңілдіктер мен мемлекеттік гранттар туралы жан-жақты мәлімет берілді.

WhatsApp Image 2026-05-04 at 10.21.05 (3).jpeg     WhatsApp Image 2026-05-04 at 10.21.05 (2).jpeg

Сонымен қатар, талапкерлерге университеттің Жасанды интеллект институты, IT бағытындағы заманауи мамандықтар және өзге де сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу талаптары түсіндірілді.

WhatsApp Image 2026-05-04 at 10.21.04 (3).jpeg    WhatsApp Image 2026-05-04 at 10.21.05 (1).jpeg

Аталған іс-шаралар талапкерлердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және сапалы білім алуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...