150-ГЕ ЖУЫҚ КУРСАНТ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 мамыр 2026
  • 11

150-ГЕ ЖУЫҚ КУРСАНТ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Биылғы рәсім мерекеге арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында ұйымдастырылып, жас курсанттар үшін ерекше маңызға ие болды.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.28.32.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.27.40.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.27.40 (1).jpeg

Салтанатты жиын барысында университеттің Басқарма мүшесі -  академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева әскери анттың мән-маңызына тоқталып, курсанттарды Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын сақтауға шақырды. Сонымен қатар, Дана Мейрамқызы курсанттарды маңызды кезеңмен құттықтап, алдағы саптық және әскери-далалық қызметтеріне сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.27.39 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.30.03.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.27.39.jpeg

Екі жыл бойы әскери дайындықтан өткен курсанттар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына қосылып, Отан алдындағы борышын өтеуге ант берді. Жалпы әскери кафедрада 143 білім алушы оқыса, салтанатты рәсім аясында 98 студентке офицерлер бағдарламасы бойынша запастағы офицер әскери атағы, ал 45 студентке сержанттар бағдарламасы бойынша запастағы кіші сержант атағы берілді.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.27.41 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.27.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 12.27.42 (1).jpeg

Айта кетейік, 2000 жылы құрылған университеттің әскери кафедрасы бүгінгі күнге дейін 3 мыңнан астам жас маманды даярлап, еліміздің Қарулы Күштерін білікті кадрлармен толықтырып келеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...