ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ КЕШ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 мамыр 2026
  • 37

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ КЕШ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Патриоттық рухты дәріптеген салтанатты кешке университет ұжымы мен студенттер қатысты.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.13.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.13.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.13.15 (2).jpeg

Мерекелік шараны Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева ашып, қос мерекемен құттықтады. Проректор өз сөзінде биыл Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 34 жыл толып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, оқу орнында әскери кафедраның ашылғанына 26 жыл толғанын атап, оның ел қорғанысын нығайтудағы маңыздылығына тоқталды.
Айта кету керек, 2000 жылы құрылған университеттің әскери кафедрасы бүгінгі күнге дейін 3 мыңнан астам жас маманды даярлап шығарды. 

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.13.18.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.13.17 (2).jpeg

Салтанатты жиын патриоттық рухтағы мерекелік концертке ұласты. Шара барысында студенттердің сахналық қойылымдары көрсетіліп, әскери кафедра студенттерінің өнері көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, жас өнерпаздардың орындауындағы әндер кештің көркін қыздыра түсті. 

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.13.16 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.13.14 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.13.18 (1).jpeg

Мерекелік іс-шара жастардың бойында отансүйгіштік сезімді арттырып, елге деген құрмет пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...