Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өтетін «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырамыз
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 мамыр 2026
  • 15

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өтетін «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырамыз

«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына (бұдан әрі - Конкурс) қатысуға шақырады.

Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1)  бірінші кезең – өңірлік деңгей (өңірлерде кандидаттарды іріктеу,        халықтық дауыс беру);

2)  екініші кезең – республикалық деңгей (жеңімпаздарды анықтау).

Өңірлік кезең 20 өңірдің әрқайсысында өткізіледі. Осы кезеңде Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталады. Жеңімпаздарды анықтау үшін халықтық дауыс беру нәтижелері (тиісті өңірдің кәмелет жасына толған тұрғындардың дауысы) және Өңірлік конкурстық комиссияның бағалауы пайдаланылады.

 

Конкурстың бірінші кезеңі

1.  Өтінімдерді қабылдау: 4 мамыр – 14 мамыр

2.  Құжаттарды тексеру: 15 мамыр – 19 мамыр

3.  Өңірлік комиссия, жеке сұхбат: 20 мамыр – 28 мамыр

4.  Құжаттарды (фото, өмірбаян, бейне) халықтық дауыс беру                      платформасына жүктеу үшін жіберу: 29 мамыр

5.  Халықтық дауыс беру: 3 маусым – 4 маусым

6.  Дауыс беру қорытындыларын шығару: 5 маусым – 6 маусым

7.  Халықтық дауыс беру нәтижелерін www.lidergosuslug.kz сайтында жариялау: 8 маусым

8.  Жеңімпаздар тізімін республикалық кезеңге қатысу үшін жолдау: маусым – 10 маусым

 

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Департаментке келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1)  1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)  Фотосурет;

Фотосурет сапалы, бейнесі анық, бұлыңғырлықсыз және пикселденусіз, бөгде жазулар мен логотиптерсіз болуы қажет. Кескін форматы: тік
(3:4 қатынаста), ең төменгі ажыратымдылығы кемінде 900х1200 рх, файл форматы: JPEG немесе PNG болуы тиіс.

3)  Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өмірбаян;

Өмірбаян Word мәтіндік форматында ұсынылады, мәтіннің максималды көлемі 500 таңбадан (бос орындарды қоса алғанда) аспауы тиіс, мәтін ақпаратты, үміткердің қызмет саласын қысқаша сипаттауы керек, жарнамалық ұрандар мен артық ақпаратты қамтымауы тиіс.

4)  әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы бейнеролик.

Бейне сапалы видео және дыбысқа ие болуы тиіс, өткір шу мен бұрмаланусыз болуы және жарияланған тақырыпқа сәйкес келуі қажет. Бейнеролик форматы: көлденең (16:9), максималды ұзақтығы 10 минутқа дейін, файл форматы: МР4.

Құжаттарды қабылдау 04.05 - 14.05.2026. аралығында жүзеге асырылады.

 

Құжаттарды жіберу үшін байланыстар

 

Аймақ

Анықтама телефондары

Құжаттарды жіберу үшін e-mail

11

Қызылорда облысы

8 705 2440898

d.tlepbaeva@kyzmet.gov.kz

nsk_nur@mail.ru

 

 

 Қосымша

 

АД шығыс хат бланкісі 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...