ОҚЫТУ САПАСЫН ІШКІ САРАПТАУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 мамыр 2026
  • 25

ОҚЫТУ САПАСЫН ІШКІ САРАПТАУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

2026 жылғы 4–8 мамыр аралығында Экономика және құқық институты, Инженерлік-технологиялық институт және Жасанды интеллект институтының Академиялық сапа комитеттерінің отырыстарында білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасын ішкі бағалау нәтижелері баяндалды. Тексеру 62 білім беру бағдарламасын, соның ішінде 38 бакалавриат БББ, 18 магистратура БББ және 
6 докторантура БББ қамтыды.

WhatsApp Image 2026-05-12 at 16.56.12 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-12 at 16.56.13 (1).jpeg

Аудит 2026 жылғы 6–22 сәуір аралығында білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасын бағалау туралы Ережеге сәйкес жүргізілді. Білім беру бағдарламалары келесі критерийлер бойынша бағаланды:

-                        БББ әзірлеу және сараптау, институттың/университеттің дамуына үлес қосуы;

-                        Академиялық құрамдас бөлігі және студенттердің жетістіктері;

-                        Зерттеу құрамдас бөлігі және оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттердің ғылыми жетістіктері;

-                        БББ интернационалдандыруы;

-                        Жастар саясатын іске асыруға үлес қосуы;

-                        БББ кадрлық әлеуеті;

-                        Өткізілген сабақтың сапасын бағалау;

-                        Жұмыс берушілер, түлектер және студенттер тарапынан БББ бағалауы.


WhatsApp Image 2026-05-12 at 16.56.13 (2).jpeg    WhatsApp Image 2026-05-12 at 16.56.12.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-12 at 16.56.13.jpeg

Жұмыс топтарының басшылары әрбір білім беру бағдарламасының мықты және әлсіз жақтары туралы баяндап, БББ сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

БББ сапасын ішкі бағалауды жүргізу қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының басшылары БББ сапасын одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Білім беру бағдарламалары сапасын ішкі бағалау қорытындылары университеттің Ғылыми Кеңесінің алдағы отырысында баяндалатын болады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...