УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 мамыр 2026
  • 23

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ

Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау бағытында түрлі экологиялық бастамалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылып отырған пластик қалдықтарын жинау акциясы. Бұл бастама университет аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және студенттер мен қызметкерлердің табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі таңда университеттің 9 оқу ғимаратында арнайы пластик қалдықтарын жинауға арналған үлкен контейнерлер орнатылған. Әрбір оқу ғимаратындағы контейнерлерге студенттер мен университет қызметкерлері күнделікті пайдаланған пластик бөтелкелерді, ыдыстарды және басқа да пластик қалдықтарды тастайды. Жиналған қалдықтар апта сайын сұрыпталып, арнайы қайта өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі. Ол жерде пластик қалдықтары өңделіп, қайтадан тұрмыстық немесе өндірістік мақсатта қолданылатын жаңа өнімдер жасауға пайдаланылады.

WhatsApp Image 2026-05-13 at 17.58.33 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-13 at 17.58.33.jpeg

Бұл экологиялық бастама қоршаған ортаның ластануын азайтуға, пластик қалдықтарының табиғатқа зиянын төмендетуге және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, жоба жастарға экологиялық білім беріп, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың маңызын түсіндіруге ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации